Подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өртке қатысты айтты

Қорғаныс министрлігі жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сұхбатына жауап берді.

Алматы, NEGE.  Тұрсынов өртті сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынын сендіргенін айтқан.

Әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты айтып берді.

«Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылды.

Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті», -  деді ол.

Бөлімнің барлық әскери қызметшісі, жалпы саны 100-ге жуық адам оқиға орнына тартылғаны хабарланды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді