Пневмонияға шалдыққандар саны азайып келеді

Ақтөбеде соңғы аптада пневмония ауруына шалдыққандар саны бес есе азайған, хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, шілде айының алғашқы күндері медицина мекемелері күніне 250-ден астам дертті жанды қабылдаған. Қазір олардың саны бес есеге азайды. Жалпы наурыз айынан бері 2736 адамнан COVID-19 анықталған. Олардың 1172-і дертінен сауығып шықты. Дәл қазір өңірде пневмонияға шалдыққан 1600 тұрғын стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Мамандар аурудың таралу қарқыны бәсеңдегенін айтады. Светлана Есенаманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.: - 18 шілдеде 72 адам, 19-ында 80 адам, 20-ында 46 адам. Осы соңғы аптада міндетті түрде жүзден төмен болып тұр. Ал, егерде біздер ай басталғанды айтсақ, бірінші шілдеден 5 есе төмендеп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты