Пневмонияға шалдыққан 175 науқас сауығып кетті

Қазақстанда қанша адамның коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. 29 қазанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 134 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 175 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 79624, 5035 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68860 жетті.