Пневмониядан қайтыс болған 5 дәрігердің отбасына жәрдемақы төленеді

Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Облыс әкімінің айтуынша, 24 медицина қызметкері қауіпті індеттен емделіп шыққан. Ал, пневмония дертінен өкінішке қарай 5 дәрігер көз жұмған. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы беріледі. «Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – біздің парызымыз», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы қарастырылған. Наурыз-маусым айларында 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн теңге берілген. 

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған