Пневмония мен коронавирустан 18 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 18 адам қайтыс болды.

Алматы. NEGE. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 27 қаңтарда елімізде пневмония 144 адамнан анықталды, 2 адам қайтыс болды. Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясы 86 138 адамнан анықталды, көз жұмды – 5 262 науқас.

Сондай-ақ министрлік мәліметіне сүйенсек, 28 қаңтарда коронавирус инфекциясының 11 753 жағдайы тіркелді. Қайтыс болды – 16 адам. Жалпы, 2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 28 қаңтарға дейін елімізде 1 216 522 адам коронавирусқа шалдықты. Қайтыс болды – 13 210 науқас.

Айта кетейік, кеше министрлік коронавирус пен пневмониядан елімізде 24 адам қайтыс болғанын мәлім еткен еді.