Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Қапам ата жартасты мешітіне білгісіз біреулер пластик есік-терезе орнатып, тарихы маңызы бар ескерткіштің сыртқы көрінісіне нұқсан келтірген. Қазіргі уақытта полицейлер құқықбұзушыларды іздестіріп жатыр. 

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Астана, NEGE. Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы өкілдерінің мәлімдеуінше, ХІХ ғасыр мұрасына жататын Қапам ата жартасты мешіті Таушық ауылынан 22 шақырым қашықта орналасқан. Нысан тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Мешіт жұмсақ жынысты жартас қабатын қашау арқылы тұрғызылған.

2025 жылы шілдеде тарихи-мәдени сараптама жүргізілген. 

«Сараптама қортындысына сәйкес, мешіттің тарихи-мәдени маңызы анықталды. Бұл кезде мешіт сол қалпында тұрды. 2025 жылдың желтоқсан айында белгісіз біреулер мешіттің бастапқы келбетін өзгертіп, тарихи-мәдени ескерткішке айтарлықтай нұқсан келтірген. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға және оны өзгертуге тыйым салынады», – делінген хабарламада. 

Вандализм дерегі анықталғаннан кейін Түпқараған ауданы әкімдігіне, сонымен қатар аудандық полиция бөліміне хат жолданған.

Алайда жарты жылдай уақыт өтсе де, жартасты мешіт әлі күнге дейін бастапқы қалпына келтірілмеген. Мамандардың Азаматтық кодекстің 244-бабына (Өз бетiмен салынған құрылыс) сүйеніп мәлімдеуінше, бұл міндет оған нұқсан келтірген адамдарға жүктелмек. Алайда тарихи ескерткішке пластик есік-терезе орнатқандар әлі күнге дейін анықталмаған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 145-бабына (Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу) сәйкес, нысанға нұқсан келтіргендерге 10 АЕК-тен ( 43 250 теңге) 200 АЕК-ке (865 мың теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады