Пиротехникалық өнімдер жаппай тәркіленіп жатыр

Алматыда Жаңа жыл қарсаңында пиротехникалық заттарды сату фактілерін анықтау үшін арнайы рейдтер жүргізіліп жатыр.

Алматы, NEGE. 30 желтоқсан күні 13 базар, 7 ірі сауда және ойын-сауық орталығы мен «Magnum» супермаркеттері және «Кенжехан» базарларына рейд жүргізілді.

«Рейд барысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз саудалап жатқан 59 сауда нүктесі анықталып, 250 дана пиротехникалық өнім тәркіленді», – деп хабарлады Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы.

Пиротехникалық заттарды сату ережелерін сақтамаған құқық бұзушыларға қатысты 4 хаттама толтырылды. 204 заңсыз сауда нүктелерінің мекенжайы жергілікті полиция қызметіне жолданды.

Сондай-ақ, шара барысында заңсыз кондитерлік өнімдерді сатып жатқан 10 сауда орны анықталды. Барлық сатушылар мен тұтынушыларға мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдалану ережесі жазылған 875 брошюра таратылды. Рейд кезінде Снюс пен энергетикалық тәттілер анықталған жоқ.

Рейд жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ