PhD-докторанттар енді грантты мектептерде жұмыс істеп те өтей алады

Енді докторантураны грант негізінде бітірген азаматтар міндетті жұмыс өтеу мерзімін  мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында өтей алады. 

Shutterstock

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Бұрын докторанттар оқу бітірген соң жоғары оқу орындарында, ғылыми институттарда немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге міндетті болып келсе, бірақ бұл тізімде мектептер болмаған еді.

Бұған дейін PhD докторларының мектептегі жұмысы міндетті өтеу мерзімі ретінде есептелмей келген. Енді бұл кедергі заңнан алынып тасталған.

Соның нәтижесінде, депутаттың айтуынша, мектептер мен білім беру ұйымдары білікті кадрлармен жасақталып, қазақстандық оқушылар заманауи зерттеушілерден тікелей дәріс алады.

Екіншіден, түлектерге таңдау еркіндігі берілмек. Енді олар тек жоғары оқу орындарымен шектелмей, орта білім беру саласында да кедергісіз қызмет ете алады.