Pfizer вирусқа қарсы дәрі-дәрмек шығармақ

Америкалық Pfizer фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен женевалық Дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19 вирусына қарсы тәжірибелік дәрі-дәрмек шығару келісіміне қол қойды, деп хабарлайды Euronews агенттігі.

Алматы, NEGE. Сейсенбі күні жарияланған мәлімдемеде бұл препараттың өндірісіне берілетін лицензия оны әлемнің 53 пайыз тұрғыны бар 95 елде шығаруға мүмкіндік беретіні нақтыланған.

«Бастапқыда бұл дәріні тек қауіп тобына жатқызылатын адамдарға ғана беру керек деп ойлаймыз. Мұндағы мақсат – олардың ауруханаға түсуіне және аурудың асқынуына жол бермеу. Препаратты аурудың алғашқы белгілері шыққан кезде бірден қабылдау керек», – деп баяндады патенттік пул өкілі Эрве Верхусель.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды