5 августа 2022 г. 17:20
Петропавлға жаңа әкім тағайындалды
Руслан Анбаев Петропавлдың жаңа әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады ПетропавловскNews.
Алматы, NEGE. «Петропавлға жаңа әкім тағайындалды. Ол – Руслан Анбаев, бұған дейін Тайыншы ауданының әкімі қызметін атқарған», - делінген хабарда.
Еске салсақ, ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының орынбасары (06.2015-01.2019); Солтүстік Қазақстан облысы Мәмлүк ауданының әкімі (01.2019-10.2020); Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданының әкімі (10.2020 ж. бастап) қызметтерін атқарған.