Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды

26 наурызда сағат 21.30-да Петропавлдағы ЖЭО-2-де тағы да апат болды.

Алматы, NEGE. "Қазіргі уақытта кәсіпорында екі қазандық және екі турбина жұмыс істейді. Желілік судың температурасы Цельсий бойынша 43-37 градус", - деді Петропавл әкімдігінің өкілдері.

Сондай-ақ, ЖЭО-2-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды. Олар қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.