Петропавлдағы тергеу изоляторында отырған күдікті өзін өртеді

Петропавлдағы Заречный кентіндегі тергеу изоляторында отырған ер адам өзін өртеп, күйік алды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 37 жастағы күдікті аяғына дәретхана қағазын орап, өзін өртеп жібермек болған. Күйік алған ер адамға Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірінде көмек көрсетілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

— Петропавл қаласының тергеу изоляторында адам өлтірді деген күдікпен отырған ер адам өз-өзін өртеуге әрекет жасады. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрттің алды алынды. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Ер адаммен психолог жұмыс істейді. Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ведомствоның ресми жауабында.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді