Петропавлда мұз қалашығын салуға 75 млн теңге бөлінді

Петропавл қаласында жаңа жылға орай мұз қалашықтарын салуға 75 млн теңге жұмсалмақ, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.

Алматы, NEGE. Бұл қаржыға шаһардың 5 ауданында сырғанақ, ашық мұз айдыны, түрлі ертегі кейіпкерлерінің 44 мүсіні жасалады. Аталған нысындар келер аптада тапсырылады. Ал қала тұрғындары мұз қалашығын салуға бюджеттен осындай көлемде ақша бөлінгенін құптамай отыр.

"Биылғы жылдың ерекшелігі жаңағы, диодтық шамдармен безендіріледі барлығы. Сондай-ақ бізде алғаш рет «Динамо» стадионында мұз айдыны жасалып жатыр. Ол жерде де тұрғындар қысқы уақытта уақыттарын өткізе алады", - деді ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.