Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Петропавлда бес жасар бала коронавирусты жұқтырды, деп хабарлады ҚазТАГ.


Алматы, NEGE. «Петропавлда тұратын 2015 жылы туған ер бала әкесімен бірге провизорлық стационарда жатыр еді. Оны шығаруға дайындап жатқанда COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Карантин ұзартылды, медициналық бақылау жалғастырылатын болады», - деді жұма күні Солтүстік Қазақстан облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпарынша, бала карантинде коронавирусты жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде жатқызылған.
«Қазір Бірінші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне оқшауландырылды», - деді департамент өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды