Петропавлда автобус өртенді

Петропавлда бағыттық автобус өртенді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «101» қызметіне Болатбаев пен Шухов көшелерінің қиылысында автобустың өртеніп жатқаны жөнінде хабар бүгін сағат 9:10 шамасында түскен. Өрт сөндірушілер 3 минутта жетіп, жолаушылар көлігін 7 минутта толық сөндіріп алды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

«Өрт 22 М бағыттық автобусының қозғалтқышынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде жүргізуші далада жүрген. Оның айтуынша, өз жұмысымен кетіп бара жатқандықтан автобус бос болған. 4 шаршы метр аумақ өртке оранып, көліктің жүргізуші отыратын жеріне, аспаптар панеліне зақым келді», - дейді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары мекемесінің баспасөз хатшысы Аман Әуесханов. Жалпы СҚО-да жыл басынан бері 62 көлік жанған. Соның ішінде 44 жеңіл көлік, 9 жүк көлігі және 3 автобус өртенді.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды