10 октября 2022 г. 17:34

Петропавлда алып бала дүниеге келді

Фото:

Солтүстік Қазақстан облысы перинаталдық орталықта алып сәби дүниеге келді. Салмағы бес келіден асатын нәрестені петропавлдық әйел дүниеге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавл, NEGE. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қазан күні облыстық перинаталды орталықта «алып» сәби туған. Ер баланың салмағы - 5 100 грамм. Ол Петропавл тұрғының екінші баласы, әйел сәбиді кесарь тілігінсіз өзі туған. Бұл биылдыққа өңірде өмірге келген алғашқы алып бала.

«Біздің дәрігерлердің біліктілігі мен кәсібилігі арқасында ананы аман-есен босандырып алдық. Қазіргі уақытта нәрестенің де, әйелдің де жағдайы жақсы, үйіне жіберілді. Мұндай шымыр балалар өте сирек дүниеге келеді, орталықта жылына бір-екеуі ғана туады. Жалпы 4 мың граммнан асса - ірі, ал 5 мың граммнан асса - алып бала деп есептеледі», - дейді СҚО көпсалалы ауруханасы перинаталдық орталықтың директоры Елена Калюжная.

Өткен аптада облыстық перинаталды орталықта 89 сәби дүниеге келсе, соның 49-ы – ер бала.

Жалпы биылғы тоғыз айда 3415 нәресте дүние есігін ашты, оның 54-і – егіздер.

ЭКО арқылы 108 бала туған. Сондай-ақ 10 сәбидің салмағы туғанда 4 келіден жоғары болған.

Тегтер: