Петропавлда ұйқыда жатқан отбасы өртеніп кете жаздады

Петропавлда көпқабатты үйдің пәтерінде жылытқыш құрал өртеніп, 8 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

Алматы, NEGE. "Петропавл қаласындағы М. Горький көшесінде орналасқан 18 қабатты тұрғын үйдің он жетінші қабатындағы пәтерде жылытқыш жанды. Пәтер иелері сол сәтте ұйықтап жатқан", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 8 тұрғынды эвакуациялап, 0,5 шаршы метр алаңдағы өртті тез арада сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады