Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды
Петропавл қаласының Уәлиханов көшесінде орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің балконында өрт шықты.
Астана, NEGE. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті қысқа уақытта толық сөндіріп, оның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді.
Үйден 117 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына, алдын ала болжам бойынша, балконда темекі шегу себеп.