Петропавлда стадион аумағында өрт шығып, футбол манежі толық жанып кетті

Петропавл қаласында Сәтбаев көшесінің бойындағы стадион маңында өрт шықты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Жоғары дәрежедегі шақыртуға барған өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр.

ТЖМ-ның хабарлауынша, зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.

Соңғы мәлімет бойынша гараж жанып, өрт ангар типті жабық манежге ауысқан. ТЖМ оқиға орнынан таратқан суреттерден «Жастар» стадионының жабық футбол манежі толықтай жанып кеткенін көруге болады.

Қазір қанша аумақты жалын шарпығаны нақтыланып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты