Петропавлда «Рахат» сауда үйінен өрт шықты

10 қаңтар күні таңертең полицияға «Рахат» сауда үйі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Полиция

Алматы, NEGE. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен патрульдік полиция батальонының экипажы қою түтін туралы хабарлап, қосымша көмек жіберуді сұрады. Бұл жерге бірден 11 автопатруль, 35 полиция қызметкері жіберілді.

Тәртіп сақшылары өрт сөндіру техникасының еркін өтуін қамтамасыз етіп, оқиға орнын қоршауға алды, сондай-ақ сауда үйі жапсарлас орналасқан 9 қабатты үйдің төрт подъезінің екеуіндегі тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті. Полиция автобусы 30 адамды қабылдады, оның ішінде қою түтін жайлаған үйден шығарылған балалар да бар.

Полиция

Сондай-ақ жылжымалы эвакопункт ретінде патрульдік көліктер, ТЖД-ның екі көлігі және екі жолаушылар автобусы пайдаланылды.

Қазіргі уақытта шұғыл қызметтердің жұмысы жалғасып жатыр. Патрульдік полиция мен учаскелік полиция инспекторлары аумақты қоршап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты