Петропавлда полицейлерден жасырынбақ болған жігіт қайтыс болды

Петропавлда тәртіп сақшыларынан жасырынбақ болған 21 жастағы жігіт мұзды суда отырған, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, ол полицейлерден жасырынып мұзды суда біраз уақыт өткізген.

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жас жігіттің қайтыс болғанын растады.

«2 сәуірге қараған түні Петропавл қаласының 21 жастағы тұрғыны Солнечный кентіне бұрылатын жолда табылып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жігіт жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған. Сондықтан реанимациялық жұмыстар жүргізілгенімен, ол еш нәтиже бермеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді