Петропавлда оқушы қызды зорлады деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды

Петропавлда 28 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен қамауға алынды. 

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?