13 мая 2024 г. 11:04

Петропавлда мехбригадалар 18 үйге жөндеу жүргізіп жатыр

Фото: gov.kz

Ойқаладағы штабта СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жедел кеңес өткізіп, су тасқыны салдарын жою бойынша аудан әкімдерінің жауапты басшылары мен бекітілген орынбасарларының баяндамасын тыңдады.

Петропавл, NEGE. Қазір Ойқала шағын ауданында және Кожевенный кентіндегі мехбригадалар 18 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, үй маңындағы аумақтар мен жертөлелерден су сору, көшелерді тазалау және қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде.

Фото: gov.kz

Аталған шағын аудандарда бөгеттер арқылы су айдау жүргізіліп жатыр. Өнімділігі жоғары 79 сорғы жұмыс істейді, олар күн сайын 300 мың текше метрден астам суды сорып алады. Бұл жұмыс су басқан шағын аудандар толығымен құрғағанға дейін жалғасатын болады.

Фото: gov.kz

Сондай-ақ, аралау барысында аймақ басшысы Заречный кентіне барды. Мұнда су деңгейі төмендеуде. Кеше 4 ауданның мехбригадалары көшелер мен үйлердің аумағын қалпына келтіру және тазалау жұмыстарын бастады.