Петропавлда «Құлагер» хоккей клубының басшысы Сергей Филь ұсталды

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Полиция қызметкерлері екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы Астана тұрғынын ұстады. Күдікті полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.

БАҚ дерегінше, бірнеше ресейлік хоккейші полицияға жүгініп, Сергей Фильге Қазақстан азаматтығын рәсімдеуге көмектескені үшін 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша бергендерін айтқан. Алайда ақшаны алған соң ол байланысқа шықпай, жұмыс орнында көрінбей кеткен.

Клуб директорының айтуынша, Филь «Құлагерде» өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істеген, бірақ 24 қыркүйектен бері із-түзсіз жоғалып кеткен. Дәл осы уақытта алаяқтық деректері белгілі бола бастаған.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады