Петропавлда 2 қабатты үйден өрт шықты

Петропавлда 2 қабатты үйден өрт шықты.

ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда сағат 12:11-де 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатында өрт шыққан.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы – 70 шаршы метр. Құтқарушылар 2 адамды құтқарып, ауруханаға жатқызды. 3 адам баспалдақпен эвакуацияланды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт 12:57-де оқшауланып, 13:11-де сөндірілді. Өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 21 адам және 8 техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр