Петропавл тұрғындары түнде неге үйде отырады?
СҚО-ның Петропавл және Қызылжар ауданының тұрғындарына түнде аса маңызды болмаған жағдайда тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынды.
Алматы, NEGE. Петропавл және Қызылжар ауданында 9 қараша сағат 00:00-ден бастап карантин шектеулері күшейтіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.
«65 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ барлық тұрғынға 22:00-ден 6:00-ге дейін тұрғылықты жерлерінен аса қажеттіліксіз шықпау ұсынылады. Азық-түлік, бірінші кезектегі қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар сатып алу жағдайларын қоспағанда», – дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Татьяна Горлова.
Облыстың басқа аудандарының тұрғындарына келетін болсақ, тек 65 жастан асқан адамдарға үйде отыру ұсынылады.