«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры мен бас инженері 8 млн теңге жымқырған

«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры және бас инженері 8 млн теңгеден астам мемлекеттік ақшаны иемденген.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық сотында мемлекеттік қаражатты ұрлау туралы шулы іс бойынша кезекті үкім шығарылды.

Директоры «К» мен бас инженер «Т» қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылып, «К» 3 жылға, «Т» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптау осындай жолмен сорғы станциясын, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін дәлелдеді.

Мұндай істердің салдары әрдайым залал санынан әлдеқайда ауыр. Біріншіден, бұл билікке деген сенімнің бұзылуы.

Үкім 2025 жылдың 26 тамызында заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады