Петр Порошенко еліне қайта оралды

Украинаның экс-президенті Петр Порошенко Испаниядан еліне оралды, - деп хабарлайды Страна.ua тілшісі.

Алматы, NEGE. Порошенкомен бірге Киев әуежайына үш баласы да келді, экс-президент оларды Лондоннан алып кеткен.  БАҚ мәліметі бойынша, Порошенко бірнеше күн бұрын уытсыздандыру курсынан өту үшін Испаниядағы ауруханалардың біріне кеткен, сондықтан Ұлттық бюро тергеуі аясындағы жауап алуға қатыспаған. Экс-президент Испанияда бір аптадай болуы керек еді, алайда ұшуға шектеу қойылатындықтан жоспарын өзгерткен. 

Еске салайық, президент Владимир Зеленский коронавирустың тарауына байланысты 17 наурызға қараған түні Украинада әуеқатынас жабылатынын хабарлаған еді.