Петицияға тыйым күшейді: Мәжіліс «жабық тақырыптар» тізімін ұзартты

Мәжіліс «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі түзетулерді екінші оқылымда мақұлдап, петициялар арқылы қарауға жатпайтын мәселелер тізімін кеңейтті.

bizmedia.kz

Астана, NEGE. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, жаңа түзетулер петиция жүйесін ретке келтіру үшін қажет. Енді петицияда қоғамдық моральға қайшы мәселелерді, біреудің абыройына нұқсан келтіретін ақпаратты, ұлтаралық немесе діни келісімге зиян тигізетін материалдарды қозғауға болмайды.

Сондай-ақ амнистия мен рақымшылыққа қатысты ұсыныстар, соғыс пен зорлықты насихаттау, араздықты қоздыру, экстремизм және есірткіге байланысты үгіт те петиция ретінде қабылданбайды.

Депутат бұл өзгерістер петиция механизмін қауіпсіз етуге бағытталғанын айтты. Яғни, олардың мақсаты — жүйені теріс пайдаланудан қорғау әрі азаматтар мен ұйымдардың құқығы мен абыройына нұқсан келмеуін қамтамасыз ету.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады