Песков Қазақстандағы «великоросс жерлеріне» қатысты пікір білдірді

Ресей президенті В.Путиннің баспасөз хатшысы бұрынғы мәдениет министрінің пікіріне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Алматы, NEGE. Песковтың айтуынша, «великоросс жерлері» қалайша Қазақстан, Беларус және Украинаға өтіп кеткенін қарау Ресей президенті әкімшілігінің күн тәртібінде тұрған жоқ.

«Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ... Бұл тек ғылыми зерттеу ғана. Мұның президент әкімшілігі күн тәртібіне қатысы жоқ», – деді Д.Песков.

Естеріңізге салайық, Ресейдің бұрынғы мәдениет министрі Мединский «великоросс жерлері Қазақстанға өтіп кеткен» деген сыңайда пікір айтқан. Бұған саясаттанушы Дос Көшім Nege.kz порталында тұшымды жауап берген-ді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін