Перуде сел жүріп, 40 адам қаза тапты (видео)
Перудің оңтүстігіндегі Арекипа аймағында орналасқан Камана провинциясының бірнеше жерінде сел жүрді.
Алматы, NEGE. Табиғат апатынан қаза тапқандар саны 40-қа жеткені белгілі болды.
Демалыс күндері толассыз жауған жаңбыр Мариано-Николас-Валькарсель ауданындағы бірнеше елді мекенді басып қалған селге себеп болған.
Селден 20-ға жуық адам зардап шекті, кем дегенде 200 тұрғын үй қирады. Табиғат апатынан 2 мыңға жуық отбасы зардап шекті.
Көшкін болған жерлерде құтқару топтары жұмыс істеп жатыр.