Перуде карантин жеңілдейді

Перуде бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетіледі. Дегенмен, бірқатар қалада шектеу шаралары ай соңына дейін сақталады.

Алматы, NEGE. Бұған қоса 65-тен асқан егде адамдарға және 14 жасқа толмаған балаларға әзірге далаға шығуға рұқсат жоқ. Латын Америкасы мемлекетінде індеттің беті әлі қайтпай тұр. Бірер күн бұрын ел билігі төтенше жағдай режимінің мерзімін шілденің соңына дейін ұзартуға шешім қабылдаған еді. Пандемия басталғалы бұл елде 285 мың адам вирус жұқтырып, 10 мыңдай науқас қайтыс болды. 

Перу президенті Мартин Вискарра: "Карантин режимі аяқталса да себепсіз далаға шықпаңыздар. Сіздің үйіңіз ең қауіпсіз жер. Осыны есте сақтаңыздар. Қазір жауапкершілік танытып, өзімізді ғана емес, өзгелерді де ойлауымыз қажет. Шектеу шараларының жеңілдеуі вирус жойылып кетті деген сөз емес. Әзірге онымен бірге өмір сүруге тура келеді", - деді.

  Ал Бразилияның Белу-Оризонти және Куяба қалаларында вирус жұқтырғандар күрт көбейіп, карантин талаптары күшейтілді. Қазір індеттің таралуы Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу сияқты ірі шаһарларда бәсеңдегенімен шағын қалалар мен елді мекендерде эпидемиолгиялық ахуал ушығып барады. Сонымен қатар бұл аудандарда маман тапшы. Дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар да жеткіліксіз. Мамандардың айтуынша, муниципалитеттердің 20 проценті ғана ауыр халдегі науқастарға медициналық көмек көрсете алады. Айта кетейік, әлемдік статистикада Бразилия инфекция анықталғандар мен қауіпті кеселден көз жұмғандар саны бойынша екінші орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Желіде жағымсыз пікір қалдыру жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін – Бас прокуратура

Алматыдағы жол апаты: Zeekr жүргізушісі тергеу изоляторына жеткізілді