Перуде ереуілдердің толастайтын түрі жоқ

Ел астанасы Лимада түнде наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласып, бір адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Халық бұрынғы президенттің биліктен шеттетілуіне қарсы. Олар жаңа басшысыны алып тастап, сайлау өткізуді талап етеді. Сөйтіп желтоқсаннан бері ереуілдер басылмай келеді. Көп жағдайда олар полициямен қақтығысқа ұласып, 60-қа жуық адам қайтыс болды. Негізі сайлау келер жылдың көктеміне жоспаранған. Алайда елдегі жағдай тынышталар емес. Сондықтан жаңа президент саяси шараны ертерек, яғни биыл желтоқсанда өткізуді ұсынып отыр. Осының алдында саясаткер тіпті отставкаға кетуге дайын екенін де айтқан. 

Қазір оқып жатыр

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен