Перуде футболшыны матч кезінде найзағай соғып, қайтыс болды

Перулік қорғаушы Хосе Уго Де ла Крус Мезаны футбол матчы кезінде найзағай соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға Перудың Хуанкайо қаласында өткен «Ювентуд Беллависта» мен Фамилия Чиокка клубтары арасындағы матчтың 23-минутында болды.

Матч кезінде қатты жаңбыр жауып, екі команданың ойыншылары алаңнан кете бастағанымен, найзағай 35 жастағы футболшыға тиген.

Ойыншылар ауруханаға жеткізілді, бірақ Де ла Круз Меза қайтыс болды. Найзағай түскен кезде қорғаушының қасында болған қақпашы мен басқа ойыншылар ауыр күйік алды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?