Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

Ақмола гарнизонының әскери соты Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Константин Воронкинге, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевке және іс бойынша тағы екі айыпталушыға үкім шығарды. Бұл туралы HRONIKA редакциясының журналисі Ольга Воронкина жазды.

Константин Воронкин және Дмитрий Васильев

Астана, NEGE. Генерал-майор Константин Воронкин 11 жылға сотталды. «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев 8 жылға, оның ағасы Максим Васильев 7 жылға, ал ресейлік граната жеткізушісі Юрий Гуторов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу нұсқасы бойынша, Воронкин Васильевтерден ұлына арналған Dongfeng, Hyundai Sonata және Changan автокөліктері түрінде пара алған. Алайда сотқа тек Dongfeng көлігіне қатысты эпизод жеткен.

Сотта Воронкин Дмитрий Васильевпен 2000 жылдардың басынан бері таныс екенін айтты.

«Ол менің ұлым Артурды 12-13 жасынан таниды. 2023 жылы кездескенде ұлымның жиһаз өндірісімен айналысатынын айттым. Оған жүк тасуға көлік қажет еді. Мен көлікті жеңілдікпен не бөліп төлеу арқылы алуға бола ма деп сұрадым. Кейін Дмитрий Владимирович ұлыма көлік сыйлайтынын айтты», – деді Воронкин сотта.

Сондай-ақ генерал-майор Қаңтар оқиғасынан кейін ресейлік «Заря-3» жарық-дыбыс гранаталарын сатып алғаны үшін айыпталды. Тергеу мәліметінше, оның орнына бразилиялық гранаталарды сатып алуға мүмкіндік болған.

Бұдан бөлек, Воронкин арнайы брондалған «Тигр» көліктерін Ресейден емес, отандық «Семей Инжиниринг» компаниясынан сатып алғаны үшін де айыпталды.

Сот бюджет қаражатын жымқыру болмағаны, тауардың толық жеткізілгені және гранаталардың баламасы болмағандықтан, олардың бюджет комиссиясының шешімімен сатып алынғаны туралы қорытындыға келді.

Алайда сот гранаталарды сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу тәртібі бұзылған деп шешті. Заң бойынша бір көзден тауарды тек арнайы мақсаттағы бөлімшелерге ғана сатып алуға болады. Ал бұл жағдайда гранаталар Ұлттық ұланның барлық бөлімшесіне алынған.

Сот бұл әрекеттерді қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану деп бағалады.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды