9 июля 2025 г. 17:05
Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтеді
Астана соты қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысын өткізу форматына қатысты шешім қабылдады.
Астана, NEGE. «Басты сот талқылауы жалпы тәртіппен ашық сот отырысында 2025 жылғы 14 шілдеде сағат 10.00-ге белгіленсін. Сотталушылардан жауап алу, олардың бүкіл сот талқылауы барысында түсініктеме беру, сондай-ақ құпия ақпаратты және банк құпиясын құрайтын материалдарды зерттеу кезінде сот талқылауының жариялылығы шектелсін», – деді судья Сабыржан Кәрімов.
Судья сотталушы Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын, сондай-ақ сотталушы Алашбаеваға қатысты істі сотта қарау мерзіміне үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын сақтап, ұзартты.
«Қазақстанның Израильмен және Палестинамен халықаралық қатынастарына әсер етуі мүмкін мән-жайлар туралы өтінішке келсек. Айыптау актісіне сәйкес, мемлекеттер арасындағы әскери қақтығыстың мән-жайы көрсетілмеген, бұл бөлімде Қайратқа айып тағылмаған, ал сот істі тек айыптау қорытындысы аясында қарап жатыр.Осылайша, сот талқылауының жариялылығы жариялылық қағидаттарын сақтай отырып, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғауға қажетті көлемде ғана шектеледі», – деп атап өтті судья.