Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

«Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі аукцион арқылы сатылады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Саудадан түскен қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі. Істі қарау кезінде 47 адам жәбірленуші деп танылған болатын.

«Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Тиісті аппеляциялық шағым түскен кезде ол жайында білесіздер. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары оның мүлкін аукционға шығарып сатады. Сол қаражат есебінен зардап шегушілердің шығыны өтеледі», -  деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Қазір оқып жатыр

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды