Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жабылады

Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 11 қазанында Астана қаласындағы әділет департаментінде тіркелген.

«Осы жылдың 14 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жоғарыда аталған ұйымның мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танып, мәжбүрлеп таратуды көздейтін талап-арыз берілді. Сот талабын беруге Қаржылық мониторинг агенттігінің «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тіркеуді жою рәсіміне бастамашылық жасау туралы хаты негіз болды. Себебі бірлестік құру кезінде жойылмайтын сипаттағы, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болатын заңнамалық бұзушылықтарға жол берілген», - делінген министрлік хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды