Перизат Қайрат сотта өзі жеке танитын жәбірленушілерден жауап алуды сұрады

Астана қаласында Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысында жәбірленушілерден жауап алынып жатыр. 

ғаламтордан

Астана, NEGE. Айыпталушы П.Қайрат сотта бұған дейін жауап берген жәбірленушілердің өкілдерін танымайтынын мәлімдеп, тікелей өзі сөйлескен адамдардан жауап алуын сұрады. Мәселен, ол жуырда Jusan Bank (қазіргі Alatau City Bank) банкінің PR-қызметкері Михаил Егоринді шақыруды өтінді, себебі сотта банк мүддесін қорғайтын Бейбіт Жорабаевпен жеке таныс емес екенін алға тартты. 

«Сіз жәбірленуші ұйымдардың өкілдерін танысаңыз да, танымасаңыз да болады. Айыптау тарап айтып отырған оқиғалар кезінде сіздің ол ұйымдардың барлық қызметкерлерімен байланыста болуыңыз міндетті емес», – деді судья Сабыржан Каримов.

Сондай-ақ судья бұл өтінішті сот кеңсесіне тіркеуі керек екенін атап өтті. 

Аталған өтінішті сот кейінірек қарайтын болды.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты