Перизат Қайрат пен оның анасына сот үкім қашан шығатыны белгілі болды

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі бүгін, 2025 жылдың 25 шілдесінде сағат 15:00-де оқылады.

әлеуметтік желіден

Астана, NEGE. Бұған дейін прокуратура Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді және 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысу құқығынан айыруды сұраған. Ал анасына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.

Прокурор Арман Кезекеннің айтуынша, айыпталушылардың кінәсін жеңілдететін ешбір мән-жай анықталмаған. Керісінше, қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы олардың жазасын ауырлататын жағдай.

Айыптау нұсқасы бойынша, олар қайырымдылыққа деп жиналған шамамен 3,5 миллиард теңгені иемденіп, кейін бұл қаржыны заңдастырған.

Алайда айыпталушылар кінәні мойындамай отыр. Перизат Қайрат бұл істі «тергеушілердің қиялы» деп атаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?