30 июня 2025 г. 16:11

Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды

Фото: әлеуметтік желіден

Бас прокуратураның хабарлауынша, Перизат Қайрат пен Г. Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.

Алматы, NEGE. Олар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда. Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жиналған.

Еске салсақ, бастапқыда Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылған болатын.

19 ақпанда ҚМА Перизат Қайратқа қатысты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын салу үшін қаражат жинау кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша жаңа қылмыстық іс тіркегенін хабарлады.

26 ақпанда Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қоры сот арқылы таратылатыны белгілі болды. 12 наурызда Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорын тарату туралы шешім шығарды. 3 сәуірде Перизат Қайратқа тағылған залал сомасы 1,5 млрд теңгеден 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайғаны хабарланды.