Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған ақшаның 1 млрд теңгеден астамын жеке мақсатына жұмсаған

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты жаңа деректерді жариялады. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жымқырған және жеке мақсатына жұмсаған.

инстаграмнан

Алматы, NEGE. Ақшаның бір бөлігі 6,9 млн теңге тұратын «Rolex» сағатын сатып алуға жұмсалған.

Палестинаға көмек көрсету үшін жиналған қаражаттың бір бөлігіне 23 млн теңгеге гүл бизнесін сатып алған.

Ұрланған қаражатқа 4 автокөлік, 4 пәтер, 2 автотұрақ орны, үй, жер телімі және ғимарат сатып алынған.

Перизат Қайрат алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылып, тергеу жұмыстары жалғасуда. Ал анасы үйқамаққа алынды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді