Педофилдерді өмір бойына түрмеге жабу: Заң жобасы Парламентке түсті

Бүгін Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы Парламенттің қарауына келіп түсті.

pixabay.com

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жоба мемлекет басшысының отбасылық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді.

Фото: ғаламтордан

Заң жобасында депутаттар төмендегідей негізгі нормаларды ұсынады:

Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, және де жазасын әлдеқайда қатаңдату;

Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шараларды қабылдау құқығын беру.

- отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін, сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру.

- педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды ұсыну;

- суицидті насихаттау үшін немесе суицидке итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

- балаларға арналған интернаттық ұйымдарға алдын-ала ескертпей-ақ, кез келген уақытта оларды тексеру және тағы басқа маңызды нормалар ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді