Педофилдер өлім жазасына кесілсін

Бір топ ақтөбелік көпбалалы аналар педофилдерге өлім жазасын кесуді талап етті. Олар жанайқайын билік басындағыларға жеткізу үшін әйелдер арасында қол жинауға кіріскен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

  Алматы, NEGE. Қаланың орталық көшесінің бойына жиналған келіншектер тоғыз жасар бүлдіршінді қорлаған айуанның тез табылуын тілеп отыр. Ондай адамдардың өмір сүруге хақы жоғын айтады. «Заңды күшейтпей, мұндай озбырлықтың алдын алу қиын», – дейді олар. Педофилдерді ұзақ мерзімге түрмеге жапқанымен, бір күні босатылары белгілі. «Қайта айуандыққа бармасына еш кепіл жоқ», – дейді ашынған аналар. Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлдана Қажекенова: «Ату жазасын берсін! Ату жазасын! Ондай адамдар өмір сүруге лайықты емес. Осындай жағдай болмауы үшін мықты заң енгізуді талап етеміз! Көп балалы аналар ретінде!»,– деді.    

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты