Педагогтар біліктілігін арттыруда

Қарағанды облысында педагогтарға арналған Көктемгі мектеп өз жұмысын бастады.

Алматы, NEGE. Бір апта бойы онлайн режимінде кәсіби шеберлікті арттыру курстары өтеді.

ZOOM платформасындағы алғашқы сабақтарға мектеп директорларының орынбасарлары – 620 адам қатысты. Олар білім берудегі нормативтік-құқықтық құжаттармен және аттестаттау тәртібімен таныстырылды.

Көктемгі мектеп бағдарламасына сондай-ақ 3D-технологиялар және бағдарламалау бойынша оқыту курстары кіреді. Айта кетейік, біліктілікті арттыру курсынан пән мұғалімдері өтеді.

«Болашақ басшы» кадр резерві мектебінің өкілдері үшін де сабақтар ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі