«Педагог мәртебесі туралы» заңда не айтылған?

2019 жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Биылдан бастап құжаттың барлық бастамалары қолға алынып, орындалуы тиіс.

Алматы, NEGE. «Педагог мәртебесі туралы» заңда ұстаздар жалақысын көтеруден бастап олардың абыройына нұқсан келтіргені үшін айыппұл төлеуге дейінгі шаралар қарастырылған.

Заңда материалдық ынталандырудың бірнеше тетігі қарастырылған. Мәселен, дәптерді тексергені үшін төленетін қосымша ақы екі есе артады. Тәлімгерлік үшін ай сайын бір базалық жалақы немесе 17 500 теңге төленеді.

«Педагогикалық шеберлік үшін барлық мұғалімге 30-50 пайыз арасында қосымша ақы қарастырылған. Тағы бір маңызды мәселе, біраз жылдан бері колледж ұстаздары, қосымша білім беру мен балабақша мұғалімдері категория бойынша ақы алмаған. Енді осы мәселе де қарастырылды. Аттестация бойынша қосымша ақы төленеді», – дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган педагогтерге 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша ақы төлеуге құқылы.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ