Педагог мамандығын таңдаған талапкерлер көп

Биыл педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектердің саны артты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Алматы, NEGE. «Бұрын өздеріңіз білетіндей педагогикалық мамандыққа 50 балмен оқуға түсуге мүмкіндік болса, өткен жылы оны 60 балға көтердік. Биыл Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында оны 70 балға дейін көтердік. Осы жыл өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуден оның нәтижесін көріп отырмыз. Биыл педагогикалық мамандықтарды таңдаған түлектердің саны тек «Алтын белгі« иегерлерін алатын болсақ, екі өсе өсті. 1 500-ден астам «Алтын белгі« иегері педагогикалық мамандықты таңдап отыр. Бұл бүгінгі мемлекет саясатының, жалпы педагогтардың мәртебесін көтеру жұмысының үлкен жемісі деп санаймын», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады