9 сентября 2025 г. 14:52

P.Diddy Тупак Шакурды өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталды

Фото: ғаламтордан

P. Diddy лақап атымен танымал америкалық рэп-орындаушы әрі продюсер Шон Комбс рэпер Тупак Шакурдың өлімін ұйымдастырды және Death Row Records лейблінің негізін қалаушы Шуг Найтқа жасалған қастандыққа тапсырыс берді деп айыпталды. 

Алматы, NEGEТупак Шакурды өлтірді деп айыпталған Дуэйн Дэвис қылмыстың тапсырыс берушісі ретінде танымал рэпер P. Diddy-ді атады. Ол сол оқиғаларға қатысты өз нұсқасын айтып берді.

Белгілі болғандай, 1996 жылы Лас-Вегаста бокс жекпе-жегінен кейін екі топтың арасында жанжал шыққан. Қақтығыс кезінде рэпер Тупак Шакур Орландо Андерсонды ұрып жіберген, ол жерге құлаған сәтте Шакур мен продюсер Шуг Найт оны күзетшілер келгенге дейін соққыға жыққан. Андерсон полицияға жүгінбей, болған оқиға туралы өзінің ағасы Дуэйн Дэвиске айтып берген. Көп ұзамай рэпер автокөлік ішінен атылған оқтан ауыр жараланып, қаза тапты. Оның жанында болған Шуг Найт жарақат алғанымен, аман қалды. Полиция есебіне сәйкес, Дэвистің айтуынша, ол тек кек алу үшін ғана емес, сонымен қатар P. Diddy Шакур мен Найтты өлтіргені үшін 1 млн доллар беремін деп уәде еткендіктен әрекет еткен. Бұдан бөлек, Комбсқа қарсы азаматтық істерде оның қылмысқа қатысы барын мақтан тұтып айтқаны және оқ атылған Cadillac көлігін жалға алуды өзі төлеген болуы мүмкін деген мәлімдемелер келтірілген.

Тупак Шакурдың қазасына байланысты P. Diddy-ге ресми айып тағылған жоқ. Ол өзіне қатысты күдікті бірнеше мәрте жоққа шығарған. Лас-Вегас полициясы да оның бұл іс бойынша ешқашан күдікті ретінде қаралмағанын растады.

2018 жылы Дэвис Netflix платформасындағы Death Row Chronicles деректі фильміне сұхбат беріп, шабуыл кезінде көліктің ішінде болғанын айтқан. Ол басқа қатысушылардың есімдерін атағанымен, нақты кімнің оқ атқанын ашып көрсетуден бас тартқан, мұны «көше заңымен» түсіндірген. Осы мәлімдемеден кейін тергеу қайта жанданды. 2023 жылдың шілдесінде полиция Лас-Вегастың маңында тінту жүргізді, ал сол жылдың қыркүйегінде Дэвис қамауға алынды. Оған Тупак Шакурды өлтірді деген айып тағылды.

Өткен жылдың күзіне қарай P. Diddy-дің Нью-Йоркте қамауға алынғаны хабарланды. Оған қарақшылық, мәжбүрлі секс-құлдық және жәбірленушілерді жезөкшелікке тарту мақсатында мемлекеттік әрі халықаралық шекаралар арқылы тасымалдау сынды үш айып тағылған. 2025 жылдың шілде айында алқабилер P. Diddy-ді тағылған айыптардың бесеуінің екеуі бойынша кінәлі деп таныды.