Павлодарлық Шрейдерлер отбасы қымызды сүрлеу әдісімен бөлісті

Наурыз мерекесін қазақ қана емес, елдегі өзге ұлт өкілдері де бар сән-салтанатымен қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Солардың бірі – Павлодардағы Вадим Шрейдердің отбасы. Надежда Шрейдердің ас мәзірі қазақтың ұлттық тағамдарынан құралған.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Ол алдымен мерекенің басты тағамы – наурызкөже әзірлепті. Жылқының етін бабымен пісіріп, жаймасын өз қолымен жайған. Отбасы мүшелері алдымен наурызкөжеден дәм татты.

Надежда Шрейдер, қала тұрғыны:

Бұл – наурызкөже. Мен бүгін ерте тұрып, наурызкөже пісірдім. Жеті дәмнен тұрады. Ет, қатық, түрлі дақылдар мен жемістер қосылады.

Отағасы Вадим Шрейдер Қылмыстық атқару жүйесінде қызмет етеді. Жыл сайын Наурыз мерекесін көппен бірге орталық алаңда қарсы алатын. Мерекелік шараларды тамашалап, наурызкөжеден дәм тату – шаңырақтың айнымайтын дәстүрі еді. Бүкіләлемдік пандемия халықты оқшау өмір сүруге үйретті. Есесіне отбасылық құндылықтар алға озды. Вадим бізге қымызды қалай сақтаудың құпиясын ашты.

Вадим Шрейдер, ҚАЖД кадр бөлімінің басшысы:

– Біз бір-біріміздің үйімізге қонаққа барамыз. Көп нәрсені үйреніп жатырмыз. Келіншегім етті өзі пісіретін болды. Наурызкөже әзірлейді. Наурыз мерекесін жаңа жыл сияқты атап өтеміз. Балаларға өте ұнайды. Ал қымызды кәдімгі қияр, қызанақ тұздағандай етіп, банкіге жауып аламыз. Наурыз мерекесінде құрметті қонақтарымызға сол сүрленген қымызды ұсынамыз.

Бұл отбасында екі қыз бір ұл өсіп келеді. Тұңғыштары Арина вокалмен айналысады. Қазақы салт-дәстүрді бойына сіңірген қыз «Қазақтың 100 әні» байқауына қатысып жеңімпаз атанған.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті