7 августа 2023 г. 17:21
Павлодарлық полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады
Полицияға қала тұрғыны келіп, қарақшылық шабуыл туралы хабарлады. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Алматы, NEGE. Анықталғандай, белгісіз ер адам Бұқар Жырау көшесіндегі үйге заңсыз кіріп, 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 250 000 теңге қаражатын иемденген.
Арнайы іс-шаралар басталды, оның барысында полицейлердің кәсібилігі мен жеделдігінің арқасында облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны "ізін суытпай" ұсталды.
ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам УҰИ-ге қамалды. Тергеу жалғасуда.